12.06.2014
Фестивальге қазақстандық және әлемдік хип-хоп өкілдері мен спорт жанашырлары, паркур, воркаут, стрит бол, вмх және роллерлер қозғалысы спорт түрлерінің майталмандары шақырылды.
Елорданың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру комитетінің медиа штабы хабарлағандай, шараға 1000 адам қатыспақ. Қала қонақтары мен тұрғындары граффити өнерін тамашалайтын болады.
Айта кетейік, спорттың экстрималды түрлері Азия ойындарының бағдарламасына қосылған. Алғашқы шара Елорда күніне орай 2009 жылы өткізілген болатын.