11.06.2014
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстың 10 денсаулық сақтау мекемесіне темір тұлпар кілтін табыстады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Сонымен қатар, тағы 48 медицина ұйымы санитарлық автокөлікке ие болды. Айта кету керек, 2014 жылы ШҚО әкімдігі облыстың медицина ұйымдарына 117 санитарлы автокөлік алу үшін қаражат бөлген болатын.
Сондай-ақ, осы күні 6 медицина қызметкерінің отбасы қоныс тойын тойлады. Олар «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жаңа пәтерге кірді.
Шара барысында облыстың үздік дәрігерлері мақтау қағаздармен марапатталды.