• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана күні аясында «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» акциясы өтеді 04.06.2014

Бұл акция мақсаты мүшкіл халге тап болған адамдарға көмектесу үшін дені сау жандарды донорлыққа тарту болып табылады.

Осыған орай, қаладағы көпсалалы стационарлар мен трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан алу нүктелері ұйымдастырылады. Жоба ТҒӨО мен стационар дәрігерлерінің қатысуымен жүзеге асырылмақ, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі  ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.

Акция барысында 250-300 адамнан қан алу көзделуде. Бұл шараның түпкі мақсаты әр отандастарымыздың санасына адам өмірін құтқаруға сеп болатын донорлық азаматтық парыз сезімін ұялату.

Бүгінгі таңда жаңа медиицналдық нысандардың көбеюіне, көрсетілетін медициналық қызмет пен ота жасау санының артуына байланысты Астана қаласында қанға қажеттілік 2 есеге артып, күніне 100 литрге жеткен.

Астананың барлық медициналық ұйымдарында жылына 83000 ота жасалады.  Оның ішінде жоғары технологияларды қолдану арқылы 25000 ота өткізіледі. 


Back to the list