• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордада балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол орталығы ашылды 03.06.2014

Жас футболистердің орталығы осымен елімізде 13 болып тіркелді, деп ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Футбол федерациясының спорт директоры Қанат Мұсатаевтың айтуынша, «Қайсар» ФК жанынан ашылған орталықта 200-ден астам жас футболистер жаттығуда.  Ал, 12 бапкер оларды жарыстарға дайындаудайтын болды. Сонымен қатар, спорттық-медициналық дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда арнайы мамандарды тарту жүргізілуде.

«Балалар мен жасөспірімдердің кәсіби футбол орталығының ашылуы Қызылорда облысы жетекшілігінің қатысуымен мүмкін болып отыр. Соның  арқасында жергілікті футбол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалынды.  Бұл мәселенің республика бойынша күнтәртібіндегі дүние екені анық», - дейді Қ.Мұсатаев.

Осылайша Қазақстан футбол федерациясы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, соның ішінде оны өңірлерде қолға алуда нақты қадамдарды жасауда. Еліміздегі футбол сайыстарының үштен бірі балалар мен жастардың қатысуымен өтетінін ескерсек, бұл мәселенің кезек күттірмесі анық.


Back to the list