• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Нидерланды конькимен жүгіру командасын құрады 02.06.2014

Кездесу қорытындысы бойынша «Astana» велоклубына ұқсас конькимен жүгіру командасын құру бойынша бірлескен жобаны іске асырудың дайындығы туралы хаттамаға қол қойды.  Осы арқылы қазақстандық және еуропалық үздік спортшылар бір команда болып жарысқа түспек. Осы тұрғыда Нидерланды тарабы команданың қаржылық шығынын өз мойындарына көтермекші, деп хабарлайды ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі.

«Жаңа команданың құрылуының бірқатар пайдасы бар. Еуропа  спорт сайыстарына қатысу мен әлемдік деңгейдегі спорт нысандарында шеберлік шыңдау сабақтарына қатысу мүмкіндігін былай қойғанда, спортшылар шетелдерде Қазақстанның атағын шығармақ», - дейді ведомство  басшысы.

Сонымен қатар, голландиялық тарап қазақстандық спортшылар, бапкерлер мен өзге де мамандардың 2018 және 2022 жылдары өтетін Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына қатысуына өз үлестерін қоспақ.

Ол үшін Нидерландыда отандық спортшылар мен бапкерлерді дайындау мен жүйелі оқыту шаралары өткізіледі. Аталмыш шараны талқылауда «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының мамандары да қатысады. 


Back to the list