23.05.2014
Гедеминас Серниаускас атап өткендей, Қазақстан мен Литваның медицина саласындағы проблемалары өзара үндес. Атап айтатын болсақ, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру осалдау. Бұл ретте ілкімді істі іске асыру оңайға соқпасы байқалып тұр. Алайда, таңдалан бағыт дұрыс.
«Бүгінде жұмыс үлгісін құруға ұмтылыс бар және ол құптарлық жағдай», - деп Литва Республикасының денсаулық сақтау вице-министр атап өтті.
Оның айтуынша, Қазақстанның денсаулық сақтау саласында бірыңғай ақпараттық жүйені құру ұсынысы мамандарды арнайы дайындықтан өткізуді қажет етеді. Осы ретте дайындық жұмыстарын мектеп кезінен бастаған жөн болар. Яғни, балаларға медициналық мекемеде арнайы дәрістер оқып, аталмыш саладағы алдыңғы қатарлы технологияны көрсету керек. Мүмкін, дәл осындай жағдайда олар медицинаға ұмтылатын болар.
Жалпы, Литва республикасының вице-министрі атап өткендей, Қазақстанның медицина деңгейі өте жақсы көтерілген.