04.05.2014
Сессия жұмысына медицина, химия салалары бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары, жақын және алыс шетелдің Денсаулық сақтау министрлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, Бүкіләлемдік банк, фармацевтикалық компаниялардың және басқа да мүдделі органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысады, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде сессияда амбулаториялық-емханалық көмекті жетілдіру, азаматтардың өз денсаулықтары үшін ортақ жауапкершілігі тетіктерін енгізу, МСАК деңгейінде ауруларды басқару бағдарламасы, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу перспективалары секілді маңызды мәселелер талқыланады.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру саласында озық тәжірибелерді пайдалану, науқастың қажеттілігіне бағытталған сапалы да тұрақты жүйені қамтамасыз ететін өзекті, шынайы ақпарат алудың автоматтандырылған тетіктерін әзірлеу жайы да қаралады.