• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР-да дәрі-дәрмек өндірісі 3 есеге көбейді 22.04.2014

Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, 2013 жылдың қорытындысында отандық өндірушілер жалпы сомасы 33,5 млрд. теңге болатын дәрі-дәрмек өндірді. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3 есеге немесе 10 млрд. теңгеге артық. Өнімнің заттай көрінісінде ол 37% құрайды. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті дамыту бағдарламасының орындалу барысына» арналған отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы С.Мусинов мәлімдеді. 

Айта кетейік, бірегей дистрибьютор өткен жылы сатып алған дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың ішінде отандық өнім үлесі жалпы көлемнің 76%-на жетті. 

 

 


Back to the list