22.04.2014
Мүгедектік тобына жататын азаматтар арасында зейнетақы жасындағылардың үлесі артуда. Мұндай жағдай күтілген өмір сүру ұзақтығы және туа біткен ауруы бар ерте жастағы балалар санының артуына байланысты болып отыр, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.
Ерте жастағы балалар хирургиясы, сондай-ақ, кардиохирургияның белсенді дамуы нәтижесінде 60 мыңнан астам қазақстандықтың өмірі сақталды. Бұрындары ол азаматтар үшін аталған ем түрлерін ел ішінде алу мүмкін емес еді. Тек 2013 жылы 1100-ге тарта балаға ота жасалып, 2012 жылмен салыстырғанда операциялық белсенділік 1,5 есеге артты. Туа біткен даму ауруларына жасалған аса күрделі операциялардан кейін тірі қалу көрсеткіші 83% жетті.
Осы орайда операциядан кейін қалпына келу тиімділігі әлеуметтік және білім мәселелерімен айналысатын барлық құрылымдардың қызметіне байланысты екенін айту керек.