• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда  қайырымдылық марафонға 9 мың адам қатысты 21.04.2014

Спорттық шараға 9 мыңға жуық қатысушы атсалысты, деп қала әкімдігінде хабарлады. Оның ішінде қала әкімі Ахметжан Есімов, белгілі спортшылар, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, спорт сүйер қауым бар.

7 мыңға жуық қатысушы салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ресми түрде марафонға қатысты.

«Алматының халықаралық дәрежесі автоматты түрде оны Нью-Йорк, Лондон, Афинаныкімен теңеседі. Шараларда 45 мың адам бірден қатысады. Алматы марафоны да осыншама адам жинап, танымал болады деген сенімдемін», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Азиада, «Алматы Туры» веложарыстарының өткізілуі және келе жатқан Универсиаданың да өткізілуі қаланы әлемдік спорт орталықтарына айналдырады.

Алматы марафонынынң бағдарламасына: 3 км, 10 км, 21 км, 42 км 195 м қашықтықтары енеді. Бұқаралық жүгірудің мәресі орталық стадионда аяқталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға сыйлықтар үйлестірілді.

 


Back to the list