18.04.2014
Тұрғындардың жаппай скринингтік тексеруден өтуіне байланысты онкологиялық ауруларға шалдыққандар саны өсіп, обырдан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылғы 101,6-дан 2013 жылы 99,6-ға төмендеген.
Ауруды ерте анықтау 2011 жылғы 49,5%-дан 2013 жылы 53,6%-ға дейін артты, деп Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.
Бұл шаралар лейкозға шалдыққан балалардың ремиссия деңгейін 75%-ға, жалпы республика бойынша қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмір сүруін 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік берді.
Депутаттар медицина қызметкерлері тарапынан атқарылып жатқан үлкен жұмысты атап өтіп, онкологиялық бағдарламаны ары қарай іске асыру бойынша өз ұсыныстарын берді.