• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР-да соңғы 3  жылдың ішінде паллиативтік төсек-орын қоры 1,7 есеге артты – ДСМ 18.04.2014

Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, нормативге сәйкес елімізде 1286 палливтивтік төсек-орын ашылу керек. Өңірлердің есептері бойынша, облыстарда қазір 915 төсек-орын жұмыс істеп тұр. Іске асырылып жатқан онкологиялық бағдарлама шеңберінде қосымша 370 төсек орын ашылады. Жалпы соңғы 3 жылдың ішінде елімізде паллиативтік төсек-орын қоры 1,7 есеге артты. Онкологиялық диспансерлер базасында 250 хоспистік төсек орын ашылды. 

Паллиативтік көмек стационарлық төсек-орындармен шектелмейді. Республиканың үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе отырып, осы санаттағы науқастарға үйлерінде көмек көрсететін ұтқыр бригадалар құрылуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі орналастыратын әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылдан бастап отбасы мүшелеріне паллиативтік күтім негіздерін үйрететін тәлімгерлер мен еріктілер даярлау көзделіп отыр. Мейіргерлерге арналған мұндай бағдарлама осымен екінші жыл қатарынан іске асырылуда. Бүгінге дейін 800-ге тарта медицина қызметкері оқытылды.   

 


Back to the list