16.04.2014
«Аталмыш Заң жобасы денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін арттыру, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурсының әлеуетін көтеру мен дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру салаларындағы мемлекеттік реттеу мен басқаруды жетілдіру мәселелеріне байланысты кемшін тұстарды жоюға арналған. Заң жобасын жасақтауда халықаралық тәжірибе кеңінен қолданылды», - деп өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова атап өтті.
Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық ресурстың әлеуетін арттыру мақсатында заңжобасына клиникалық қызметке кірісу бойынша медицина маманына рұқсат беру жүйесін жетілдіру қағидасы енгізілген.
Сонымен қатар, мамандардың кәсіби деңгейі мен оның біліктілігіне сай екенін растайтын реттемелеуші бағалау, яғни жеке бап енгізілген.
«Біз медицина қызметкерлерінің қатарын сақтап қалғымыз келеді және оқыту арқылы кәсіби қателіктерді жібермеуге көмектескіміз де келеді», - деп ведомство басшысы өз ойын толықтырды.
Жалпы, жұмыс тобының отырысында 500 астам түзетулер қаралып, оның 350 бойынша шешім қабылданып, келісілді.