• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысында «Жәрдем» медициналық пойызы өз жұмысын бастады 16.04.2014

ҚР ТЖМ-де хабарлағандай, 2013 жылы «Жәрдем» кеңестік-диагностикалық медициналық пойызы Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облысының тұрғындарына қызмет көрсетті. 79 күн ішінде «Жәрдем» медициналық пойызының мамандары еліміздің батыс өңірінің 3,4,5 санатты 49 стансасының және таяу орналасқан елді мекендердің халқына медициналық көмек көрсетті, дәрігерлер 14491 ересек тұрғын, сонымен қатар 2057 бала тексерді. Дәрігерлерге келушілер саны 89527-ні құрады. 44489 диагностикалық зерттеулер жүргізілді, 74 шағын операция жасалды. Маммолог 2212 әйел адамды қарады. 3441 тұрғынға стоматологиялық жәрдем көрсетілді.

Кестеге сәйкес «Жәрдем»  мына стансаларда жұмыс атқарады: Жаңаөзен ст.16-18 сәуірде, Бопай ст.19 сәуірде, Болашақ ст.20 сәуірде Жетібай ст.21-22 сәуірде, Ералиево ст.23-24 сәуірде, Шетпе ст.25-27 сәуірде, 10 РЗД 28 сәуірде, Сайөтес ст.29-30 сәуірде, Үстірт ст.1 мамырда, Ақжігіт ст. 2-3-мамырда, Қоркөл ст.4 мамырда, Опорная ст.5-7 мамырда, Толтыр ст.8 мамырда.

 


Back to the list