14.04.2014
Ана мен бала орталығы мамандары эпилепсияға шалдыққан балалардың ата-аналарымен әңгіме-лекция ұйымдастырды. Әңгімелесу барысында Ашық есік күні қатысушыларына балалардың эпилептикалық ұстамалары кезінде не істеуі керектігі жайлы кеңестер беріліп, оның зардаптарының қалайша алдын алу керектігі жайлы сөз болды.
Дәрігерлер бірнеше жылдың ішінде ұстамасыз өмір сүрген сырқаттарды анықтау мен науқастың зардаптарын көре білуге мүмкіндік беретін ерте кездегі сырқат белгілерін анықтауға баса назар аударды.
Сонымен қатар, ана мен бала орталығы дәрігерлері тегін жекелей кеңес беру шаралары мен эпилепсиямен ауыратын балаларды тегін емдеуге шақырды. 4 сағат ішінде ана мен бала ұлттық орталығының невролог-эпилептологтар 50-ден астам пациентті қабылдады. Соның ішінде тек елорда тұрғындары емес, ҚР-ның түкпір-түкпірінен келген науқастар да бар.
Өз кезегінде ҚР Бас дәрігер неврологы Алтыншаш Жақсыбаева эпилепсиямен ауыратын балалардың бірыңғай ұлттық орталығын құру мәселесін көтерді.
Сонымен қатар, келер жылдан бастап барлық өңірлердегі медициналық орталықтарда эпилепсияға қарсы күрес күнін өткізу ұсынылды.