07.04.2014
«2014 жылдың 12 наурызы мен 6 сәуірі аралығында Қазақстанның барлық өңірінде «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны өтті. Марафонның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық құндылығын барынша кеңінен таныту, еліміздің әр өңіріндегі емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ұйымдастырылған профилактикалық мектепке деген халықтың қызығушылығын ояту болып табылады», - дейді департамент директоры.
Оның айтуынша, профилактикалық мектептерге денсаулықты қалай сақтау керектігі және өзге де мәселелер жайлы ақыл-кеңестер берілген.
«Соның ішінде салауатты өмір салты насихаты, әлеуметтік маңызы бар сырқат түрлерінің алдын алу, қарттар денсаулығын сақтаудың маңызы зор. Сау бала кабинеттеріне де нәресте күтімі, отбасын жоспарлау мен екіқабат әйелдердің денсаулығына қатысты кеңестер берілді», - дейді А.Төлеғалиева.