17.11.2017
2017 жылғы 15 қараша жағдайына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарын іздеп 14 588 адам жүгінген. Олардың 8830 адамы немесе 61% жұмыссыздықтан сақтау шараларымен қамтылды. 5181 адам жұмысқа орналастырылды.
«Сондай-ақ 915 адам жастар практикасына жолданды, 215 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Ал 1989 адам қоғамдық жұмыстарына жолданып, 525 адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданды»,- делінген халықты жұмыспен қамту орталығы таратқан хабарламада.
Бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту орталығына 1128 жұмыс беруші жүгініп өздерінің 9000-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.