• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Церебралды сал ауыруына шалдыққан балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылды (ФОТО) 15.11.2017

Орталық «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының «Сау балалар» бағдарламасының аясында ашылып жатыр.

Мұнда ай сайын аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінен 56-ға жуық баланы қабылдау жоспарланған. Оңалту курсы 10 күнге созылады.

Орталықтағы балалар әр 2-3 ай сайын оңалту курстарынан өтіп тұрады деп жоспарланған.Бұл бала дамуының ерте сатыларында жан-жақты оңалту көмегін көрсетіп, церебралды сал ауыруына шалдығу қаупі бар балалардың даму әлеуетін жақсартуға үлкен мүмкіндік береді.

«Жалпы,  Қазақстанда  19 мың ЦСА диагнозы бар бала бар, оның  20 пайызы ғана  оңалтудан өтіп, ем қабылдайды. Бұл өте қынжылтатын мәселе. Себебі, дерт оңалтуды, емделуді міндетті түрде қажет етеді. Сондықтан бұл проблеманы шешуге белсенді қатысып жатырмыз. Бүгінгі орталықтың ашылуы  сәби кезден бастап балаларға оңалу мүмкіндігін сыйлайды. Бала дұрыс оңалтудан өтсе   мүгедектікке шалынбауы мүмкін», - деді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас.

Айта кетейік, «Қасиетті жол» Қайырымдылық қоғамдық қоры 2009 жылы Қазақстанда балаларға қолжетімді және сапалы ем беру мен қайырымдылық көмек көрсету мақсатында құрылды. "Samruk-Kazyna Trust" қорының қолдауымен 9 Балалар үйі сапалы оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, 2014 жылы Астана қаласында аз қамтылған отбасылар мен балалар үйіндегі нейро-ортопедиялық потологиясы бар балаларға арналған көпсалалы оңалту орталығын ашты. 2017 жылы  Шымкент қаласында да церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылады.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list