07.11.2017
ІІМ-де ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес «Қоғамдық кеңес туралы» Заңға сәйкес 2016 жылы құрылған. Оның құрамына азаматтық қоғамнан және ІІМ қызметкерлерінен 18 мүше кірді.
Кеңестің жанында екі комиссия бар: бірі – заң шығару қызметі мәселелері бойынша, бұл комиссия ІІМ әзірлейтін азаматтардың құқықтарына және бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды; екінші комиссия азаматтардың арыздарын және полиция жұмысының ашықтығын қарастырады.
«Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылаудың қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, мемлекеттік органның есебін тыңдау қатарлы 4 нысанын негіз етеді,- дейді спикер.
Қоғамдық кеңес құрылған осы екі жылда 12 отырыс өткізілген.
«Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, сарапшылар кездесуіне, Парламентте, мемлекеттік органдарда және өңірлерде өткізілетін жылжымалы кеңестерге ұдайы қатысады»,- дейді Кеңес төрағасы.
Есбол Социалхан