• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада   аңызға  айналған   «Не? Қайда? Қашан?»  ойыны  өтті 07.11.2017

Қазақстанның намысын  Астана, Алматы, Қарағанды мен Ақтаудан келген  8 команда қорғады. Жалпы, 650-ге жуық білімпаз қатысты.

«АХҚО  жүйелі   түрде Қазақстандағы   адами капиталды дамыту мен зияткерлік  өмір сүруді қолдайды. Атап айтсақ, АХҚО  қаржы саласында жоғары білікті мамандарды дайындап, отандық кәсіби мамандардың  интелектуалды дамуын жетілдіреді», - деді  АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Сайысқа  «Не? Қайда? Қашан?»  клубының магистрі мен  клубтың  халықаралық қауымдастық президенті  Андрей Козлов қатысты. Сондай-ақ, Александр Друзь, Максим Поташев, Балаш Касумов, Владимир Антохин, Елизавета Овдеенко, Александр Рубин де келді.

Қорытындысында  бас жүлдені  Сергей Николенконың Санкт-Петербургтан келген командасы ұтып алды. Финалға  екі қазақстандық команда шықты, оның ішінде АХҚО құрамасы да бар.

Қайрат Жандыбаев

Фото: АХҚО баспасөз қызметі 


Back to the list