06.11.2017
Базалық зейнетақыны тағайындау – жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасын ескере отырып, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі де, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі де еңбек өтілі есепке алынады.
«Мысалы, егер азамат келер жылы зейнеткерлікке шығатын болса. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі бірлескен зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі 20 жыл және 15 жыл бойы зейнетақы жинақтау қорына үзіліссіз зейнетақы жарнасын төледі деп есептелік. Осылайша, оның жиынтық еңбек өтілі 35 жылға тең болады. Жаңа жүйенің әдіс-тәсіліне сәйкес, егер еңбек өтілі 10 жылдан кем болған жағдайда, зейнетақы көлеміне ең төменгі өмір сүру деңгейінің 54 %-ы тағайындалады. Бұл сома келер жылы – 15274 теңгені құрайды. Еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2 % үстеме қосылады»,- деді вице-министр.
Спикердің айтуынша, бұл шара еңбек өтілі көп бола тұра аз зейнетақы алып келген зейнеткерлердің зейнетақысын айтарлықтай жоғарылатып, әлеуметтік әділеттілікті орнатады.
Есбол Социалхан