• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Зейнетақы көлемінің мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген 06.11.2017

Алдағы жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбекті) 8 %-ға, базалық зейнетақы және басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі 6 %-ға өседі.

«Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдіс-тәсілдері де өзгереді. 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады. Яғни жинақтаушы зейнетақы қорындағы жиналған зейнетақы жарнасын ескере отырып, жалпы еңбек өтілі есепке алынады», - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, әр жылы жинақталған зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2 % артығымен төленіп отырады. Өткен жылы инфляция деңгейі 7% болса, зейнетақы көлемінің индексациясы 9 %-бен есептелген.

Жаңа өзгерістер бойынша қоғамда «қанша көп еңбек етсең, сонша көп зейнетақы аласың» деген ұғым қалыптасады. Нәтижесінде зейнеткерлікке шыққан адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алмай-ақ, демеушілер мен меценаттардың қайырымдылық қаржыларына мұқтаж болмай-ақ, өмір сүретін болады, дейді спикер.

Есбол Социалхан


Back to the list