• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
240 әскери қызметшінің отбасылары жаңа қызметтік пәтерлердің кілтін алды 30.10.2017

 Әскери қызметшілерге арналған екі бес қабатты үйді ҚР Қарулы Күштерінің барлық нысандары құрылысының ұйымдастырылуын жүргізетін «Әскери құрылыс» АҚ бас мердігері салды.

 Су жаңа пәтерлердің кілтін ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Сұлтан Камалетдинов табыстады. Қоныс аударғандарды құттықтап, сөз сөйлеуі барысында ол «әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің ұдайы бақылауында екенін атап өтті».

«Бүгін біз жаңа пәтердің кілтіне ие болдық. Менің кеудемді қуаныш сезімі кернеп тұр. Менің ойымша бұл сөзсіз әскери қызмет өткеру үшін жайлылық пен мүмкіндік береді. Бөлмелер кең, жарық, пәтерде барлығы дайын. Жиһаз бен жеке заттарымызды алып келу ғана қалды», - деді салтанатты рәсімде 3-сыныпты сержант Рахат Тұрсынбаев.

 Әскери қызметшілерді қызмет атқару орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі таңда айрықша көңіл бөлінетін Қорғаныс министрлігі қызметі бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету қажет.

 


Back to the list