24.10.2017
Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында министрлік сарапшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, теологтар мен дінтанушылар бар.
Жиын барысында дәріскерлер діндегі рухани-адамгершілік мәселелерді, экстремистік топтар мен деструктивтік діни бірлестіктерге қарсы түсіндіру жұмыстарын, дәстүрлі исламның қағидаларын насихаттау, дін атын жамылған және радикалды идеяларды деструктивтеу мәселелерін талқылады.
Сарапшылардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобының жиынына Тараз қаласының және де облыс аудандарының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, және де спортшылар қатысты.