16.10.2017
Ақпаратқа сәйкес, солардың бірі генетикалық төлқұжат. Адамның генетикасына қарай тұқым қуалайтын ауруларын, физикалық ерекшеліктерін біліп, арнайы диета ұсынуға және оның организмі қашан қартая бастайтынын білуге болады.
«Бүгінде әлемде генетикалық талдауды қажет ететін дәрілік заттар көптеп өндірілуде. Дәрігер, біздің денеміз қандай мутациялардан тұратынын және дәрінің мөлшері қандай болуы керек екенін білуі шарт», — деді орталықтың бас директоры, биохимия докторы Ерлан Раманқұлов генетикалық төлқұжаттың таныстырылымында.
Генетикалық төлқұжат спортшылар мен диета ұстайтын азаматтар үшін өте маңызды. Әр адамның зат алмасу процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Тамақсаулық, семіздікке бейімділік көбіне адамның генына байланысты. Ал, кәсіби спортшылар үшін генетика оның дамуына әсер ететін физикалық жүктемелерді анықтайды.
Спикердің айтуынша, генетикалық төлқұжатты өмірде бір рет істеген жетеді, себебі адамның генетикасы өзгермейді