• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Отандық телеарналар таратылымдарының 1 пайызын әлеуметтік роликтерге бөледі –   ҚР  АКМ 03.10.2017

Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қоғамдық кеңес отырысында БАҚ саласындағы мемлекеттік тілдің қолданысы, "Ашық үкімет" порталының дамуы және басқа да мәселелер талқыланды.


Отандық телеарналар таратылымдарының 1 пайызын әлеуметтік роликтерге бөледі.

«Әлеуметтік жарнамаларды қалыптастыру және орналастыру ережесі телеарна таратылымның айлық жалпы көлемінің 1 пайызын әлеуметтік жарнамаға арналуын көздейді. Біздің есептеуімізше, бұл шамамен күніне 10 таралымды құрайды. Күніне кешке қарай екі рет көрсетуді қарастырдық. Яғни, сағат кешкі 6-дан кейін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден әлеуметтік жарнама көрсетіледі», - деді  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нашырәлі.

Ереже аясында орташа ұзақтық шамамен 45 секундты құрайды.

 


Back to the list