• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Балаларға арналған сенім телефонына 1,4 млн-нан астам  адам  хабарласқан 02.10.2017

«Біз бүгін Қазақстан балаларына арналған  111 сенім телефонын таныстырдық. Біздің телефон  111 тегін әрі тәулік бойы  жұмыс істейді. Оған кез келген желіден хабарласуға болады. 111 өзінің тиімділігін дәлелдеді, бүгінгі таңда дұрыс істегеніміз айдан анық. Қоңыраулар көп түседі», - деді Зағипа Балиева.

Айта кетейік, аталмыш жобаның серіктестері ҚР-дағы ЮНИСЕФ Балалар қоры, Орталық Азиядағы PRI халықаралық түрме реформасының өкілдігі мен «Қазақстанның жастар конгресі» ұйымы, «Қазақстан-бұл Мен» жобасы аясында  балаларға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 111 желісі ашылды.

Байланыс орталығына ашылғаннан бері  1,4 млн адам хабарласты.

«Соңғы  8 айда 1,4 млн қоңырау келіп түсті. 151 мың өтінім өңделді. 1,2 млн қоңырау келіп түсті. Бізге маңыздысы  151 мың қоңырау болды, оның ішінде  5393 өте өзекті қоңырау, оған біз тікелей араластық», - деді ол.

Айта кетейік, байланыс орталығы барлық меморгандар мен білім беру министрлігі, денсаулық сақтау, еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрліктерімен келісім орнатқан.

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев 


Back to the list