28.09.2017
Министр қабылдау барысында сұрақтардың барлығына жауап берді. Келіп түскен арыз-шағымдардың көпшілігі денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қатысты болды.
Мәселен, қабылдауға келген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі С.Айтқалиев өндірістік жарақат алған. Дегенмен, кәсіпорынның қаржылай күйреуіне байланысты, 2007 жылдан бері зардапты өтеуге қатысты төлемі тоқтатылған. Осы орайда облыстағы Комитет департаментінің қызметкерлерімен дереу байланыс орнатылып, мұқтаж жанға қазіргі заңнама баптары түсіндірілді.Қабылдау нәтижесінде Министр әр өтінішті мұқият қарап, өзекті түйткілдерді жеке бақылауына алды.