• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Дін істері комитеті рухани тәрбие қағидаларын насихаттауда 20.09.2017

Жиын барысында дәріскерлер діндегі рухани-адамгершілік мәселелерді,  экстремистік топтар мен деструктивтік діни бірлестіктерге қарсы түсіндіру жұмыстарын, дәстүрлі исламның қағидаларын насихаттап, дін атын жамылған және радикалды идеяларды насихаттап жүргендерге еріп кетпеудің жолдарын түсіндірді.

Жалпы, сарапшылардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобының жиынына Павлодар, Екібастұз қалалары мен Солнечный ауылының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін қызметкерлері, БАҚ өкілдері, еңбек ұжымдары, ұстаздар қауымы, студенттер мен спортшылар қатысты.

Ведомствоның ақпараты бойынша, топ құрамына ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы, теолог - Ершат Ағыбайұлы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры -Айнұр Әбдірәсілқызы, ғылыми қызметкер, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы - Серік Таджибаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшысы – Диана Есеновалар кірді.  


Back to the list