09.09.2017
Оның сөзінше, мұндай жүйе 30-40 жыл еңбек өтілі бола тұра ең төменгі зейнетақы алып отырған азаматтарға тиесілі қаражат алуын қамтамасыз етеді. Ал, 1998 жылға дейін 33 жыл еңбек өтілі бар жандарға, сондай-ақ, 1998 жылдан кейінгі тәжірибесін ескере отырып, зейнетақы құны 2 есеге өспек.
«Қазіргі таңда Министрлік тарапынан 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс жүргізілуде. Басты мақсат – әрбір қазақстандыққа зейнетақы мөлшері азаматтардың еңбек өтіліне тікелей байланысты төленетіндігін жеткізу. Егер бүгінде базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей аударылатын болса, 2018 шілдің 1 шілдесінен бастап зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне байланысты есептеледі», - деді Вице-министр.
Қабылдау барысында Вице-министр азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Келіп түскен арыз-шағымдардың көпшілігі денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті алуға, жұмыспен қамту мәселесі, зейнетақымен қамсыздандыру сұрақтарына қатысты болып отыр.
Қабылдау қорытындысы бойынша, Вице-министр, азаматтардың барлық өтініштерін жан-жақты зерделеп, шешу жолдары бойынша тиісті іс-қимылдар қолға алынатынын мәлімдеді.