• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  әскерге шақырылушылардың  80 пайызы әскери  қызметке жарамды 06.09.2017

«Күзгі-көктемгі кезеңде әскерге шақыру комиссиясынан  120 мың адам өтеді.  Оның  80 пайызы әскери  қызметке  жарамды. Жарамсыздар қатары  10 пайызды құрайды. Ал, әскери тіркелім бойынша жарамсыздар саны  0,5-0,4%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш қазір тұрақталды. Соңғы 5-6 жылда аталмыш  көрсеткіш өзгерген жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстанда 10 пайыз көрсеткішті әскери қызметке  уақытша  жарамсыздар құрайды.

«Әскери қызметке уақытша жарамсыздар – тіс емделуі мен көру қабілеті және  3 айға созылатын ауыр дертке қатысты болады.  Осы кезеңде олар  емделуден өтеді. Аурудан айыққан соң азаматтар әскерге шақырылады. Жалпы, өзге көршілерге қарағанда көрсеткіш жақсы», - деді Қанат Сұлтанғазин.

 

2017 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарына 18 – 27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам азамат шақырылады.

Ақбота Күзекбай


Back to the list