• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана қаласы халқының жалпы саны 33 мың  адамға көбейді 31.08.2017

2017 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 33878 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 12924 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 16606 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша 4348 адамға артты.

2017 жылғы қаңтар-маусымда аралығында Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 13747 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2%-ға аз. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,6%-ға азайып, 11744 адамды құрады.

Осы кезең ішінде қалада 2003 адам қайтыс болды, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымнан 0,2%-ға көп.

2017 жылғы қаңтар-маусымда 1 жасқа дейінгі 87 нәрестенің шетінегені тіркелді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 12 оқиғаға аз. Сәбилер өлім–жітімінің коэффициенті 6,33-ні (2016 жылғы қаңтар-маусымда - 7,05) құрады.

Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары – 30,3%, жаңа өскін - 21,7%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 11,2%, тыныс алу органдарының аурулары 8,4%-ды алады.

2017 жылғы қаңтар-маусымда АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1%-ға өсті, ажырасулар саны 15,7%-ға өсті.


Back to the list