31.08.2017
Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Астанада осындай клубтардың саны артады.
« Бұл клубқа кіру тегін. Бұл орайда балалар музыкалық, шығармашылық, спорттық секцияларға қатыса алады. Аула клубтарының тәрбиеленушілері үйлердің аулаларында түрлі бағдарламалармен өнер көрсетуде. Өткен жылы біз бұл жобаны іске қостық, осындай концерттер өткізілген тұрғын-үйлердің тұрғындары бұны жақсы қабылдады. Ендігіде бұл жоба жыл сайын жұмыс істейді. 3 күн ішінде біз елорданың 16 ауласында болдық, онда аула клубтары жоқ. Біздің аниматорлар балалармен ойнап, салауатты өмір салтын насихаттады. Бұл тұрғын-үй тұрғындарының көңілінен шығады деп ойлаймын», - деді Шыңғыс Тілеулин.
Көпшіліктің назарына алып қуыршақтардың театрландырылған шоуы ұсынылды. Аула тұрғындары үшін аула клубтарының тәрбиеленушілері ән шырқап, би биледі.Шара аяқталған соң барлық қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар берілді.