18.08.2017
2017 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18034,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10339,4мың (57,3%), ауылдықтар – 7694,9 мың адамды (42,7%) құрады.
2016 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,2 мың адамға немесе 1,34% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 189,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,4% аз.
«Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,16 туылғандарды құрады.2017 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,4 мың адамға немесе 9,2% кеміп, 122,6 мың адамды құрады», - делінген хабарламада.
Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,70 адамды құрады.