11.08.2017
Сайыс қорытындысы бойынша 62 ұпай жинаған Қытайдың құрама командасы байқау жеңімпазы атанды. Екінші орынға 50 ұпай жинаған Ресейдің командасы жайғасса, 42 ұпай жинаған Қазақстанның командасы үшінші орынды місе тұтты.
«Десанттық взвод» байқауы аптап ыстық пен жоғары ылғалдылықтағы күрделі климаттық жағдайларда өткенін айта кеткен жөн. Байқаудың барлық жаяу кезеңдерінде десантшыларымыз өздерінің қарсыластарынан физикалық тұрғыда мықтырақ және төзімдірек болды.
Ал жоғары рух пен әскери серіктестік өздерінің күш-жігерлері мен жеңіске деген ұмтылыстарын дәлелдеген қазақстандық әскери қызмеnшілердің ерекшелігі болды. Байқау жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.