• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әлеуметтік жұмысшы факультетіне түсу барысында волонтерлық міндетті болады 07.08.2017

«Мектеп бітіруші әлеуметтік жұмысшы мен әлеуметтік педагог факультетіне оқуға түсу және құжат тапсыру   барысында ол адамның артында міндетті түрде волонтерлық тәжірибе болуы шарт. Ол «әлеуметтік сатыдан» өтуі тиіс,  медициналық-әлеуметтік мекемеде мүмкіндігі шектеулі жанға қалай күтім жасауды үйренуі керек», - деді вице-министр.

Спикердің айтуынша, осылайша бұл жүйеден дайындығы жоқ адамдарды алып тастайды.

«Егер, әлеуметтік жұмысшы немесе әлеуметтік педагог ретінде жұмыс істейтін талапкерлерге сараптама жүргізетін болсақ, онда олардың 50%-дан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін көреміз», - деп түйіндеді С. Жақыпова.

Естеріңізге сала кетейік, ведомствоның вице-министрі Светлана Жақыпова сонымен қатар 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қатысты тағайындалатынын айтты.

Ақбота Күзекбай


Back to the list