01.08.2017
2017 жылғы қаңтар-маусымдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан 5,2 есе, ең төмен жалақыдан – 4,5 есе асып түсіп, 110322 теңгені құрды.
Атаулы жалақының едәуір көп артуы 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда (43,9%), құрылыста (19,6%), тұру және тамақтану бойынша қызметтерде (14,5%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (12,5%), өнеркәсіпте (11,4%) байқалды.
Жоғары жалақы 171628 теңге қаржы және сақтандыру қызметінде байқалды (облыс бойынша орташаға қарағанда 1,6 есе артық), төменгі – тұру және тамақтану бойынша қызметтер 63854 теңге (орташа облыстық деңгейден 57,9%).