31.07.2017
Ведомство хабарлағандай, адамдарды көбінесе ынтымақты зейнетақы жайы, аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабілетті тұлғаларға жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу, әлеуметтік қорғау шараларын көрсету, тоғыз және одан да көп баласы бар аналарға қосымша баспана ұсыну мүмкіндігі қызықтырды.
Әсіресе, жергілікті халық, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен “Өрлеу” жобасына қатысты жиі сұрақ қойды.
Мақтарал ауданының жұмыс берушілерінің сұранысына қарағанда, бұл өңірде 200 бос жұмыс орны бар болып, оның ішінде 100-ін қоғамдық жұмыстар, 40 орынды тұрақты жұмыс көздері құрап, 60 орын жастар тәжірибесіне арналуда.
Көмекке жүгінген жандарға бос жұмыс орындарына орналасуға жәрдем жасалып, жұмыссыз және қажеттілікке ие мамандықтарға іріктелгендерге қысқа мерзімде оқуға жолдама берілді.
Әлеуметтік қорғау саласына жауапты Министрлік мамандары үй-үйді аралап, зейнет жасына жақындаған әйелдерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайын жеткізді.
Кеңес алуға келген Жетісай қаласы тұрғындарының бірін еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жобасы аясында солтүстік өңірлерге көшу мәселесі толғандырды.
Халықпен кездесу аяқталғаннан кейін, жұмыс тобы Мақтарал ауданының жұмыспен қамту орталығына барып, мекеме қызметкерлеріне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі әлеуметтік-еңбек саласының біртұтас ақпараттық жүйесі және азаматтарды еңбекпен қамту мәселелері жөнінде қабылдаудың жаңадан әзірленген іс-қимыл алгоритмі таныстырылды.