• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін құжаттарды кез келген ХҚКО-ға өткізуге болады 14.07.2017

Пилоттық жоба әзірге ХҚКО-ның үш бөлімінде іске қосылды: Астана қаласы, Алматы ауданының №5 бөлімінде.Жоба, жұмыс істеп тұрған мамандандырылған ХҚКО-на түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ  автокөлікті сүйетін жандар жүргізуші куәлігін  қала сыртына шықпай-ақ ауыстыра алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, астаналықтар мен алматылықтар емтихан тапсыруды қажет етпейтін болса, кез келген ХҚКО-да жүргізуші куәлігін ауыстыра алады. Яғни, мерзімі аяқталған куәліктерді ауыстыру, тегін өзгерткенде және жоғалтқан жағдайда берілген уақытша жүргізуші куәлігін тұрақты жүргізуші куәлігіне ауыстыру.

Естерінізге сала кетейік, мамандандырылған ХҚКО-да  көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет алу, сондай-ақ  жүргізуші куәліктерді беру екі сағатқа дейін қысқарды. Қазіргі уақытта МХҚКО-лар Қазақстанның 12 қаласында қызмет көрсетуде: Астана, Алматы, Карағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкентте. Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша қызметтер көрсететін МХҚКО-ның секторлары жұмыс жасайды.

 


Back to the list