• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Жібек жолы» марафонының «Астана-Семей» бағдары бойынша бесінші кезеңі аяқталды (ФОТО) 13.07.2017

«Астана» президенттік клубының хабарлауы бойынша, «Астана-Семей» бағдары штурмандар үшін нағыз емтиханға айналды – Қазақстанның болжап болмайтын жолдары бойынша 400 км-ге жуық арнайы учаскеде ең зейінді әрі ұқыпты қатысушылар ғана дұрыс бағытты тауып, турнир кестесінің жоғарғы жағында өз позицияларын сақтап қала алды.  

«Семей – Үржар» бағдары бойынша келесі кезең Қазақстан аумағындағы соңғы кезең болмақ. Жалпы учаскенің ұзындығы 597 км құраса, оның 388 км-і арнайы учаске болып табылады.

Еске сала кетейік, «Silk Way Rally – 2017» марафоны 7 шілдеде Мәскеудегі Қызыл алаңда бастау алған еді. Жарыс бағдарының жалпы ұзындығы 9 600 км құрайды, ол 14 кезеңге бөлінген. Марафон 22 шілдеде императорлардың он үш династиясының астанасы, Ұлы Жібек жолының бастапқы нүктесі, Сиань қаласында аяқталады.


Back to the list