• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Жібек жолы» керуені елордаға келді (ФОТО) 12.07.2017

«Астана» президенттік клубынан хабарлағандай, «Қостанай - Астана» тасжолы марафонға қатысушылар үшін көптеген қиындықтар тудырды. Кезеңнің жалпы ұзақтығы - 908, 80 шақырым, оның ішінде 373, 22 шақырымы арнайы учаскі.

Дүбірлі додада қазақстандық экипаж үшінші болып келді.

Қазақстан жарысқа қатысушыларды жауын-шашынмен қарсы алды, нәтижесінде көптеген экипаж мүшелері қиындықтармен бетпе-бет келді.

Турнирлік кестені Tatra - ның Мартин Коломасы бастап тұр, одан он бір минутқа қалып қалған Iveco тобының көшбасшысы  Жерар де Рой екінші орында болса, қазақстандық Артур Ардавичус үшінші орынды місе тұтты.

Алдағы уақытта керуен Қазақстанның Шығыс бөлігі –Семей қаласына бет алады.

«Астана – Семей» бағыты бойынша жарысқа қатысушыларды таулы және батпақты аймақ күтіп тұр.  

Естеріңізге сала кетейік, «Silk Way Rally – 2017» марафоны Мәскеудегі Қызыл алаңда 7 шілде де бастау алған болатын. Жарыс бағытының жалпы ұзақтығы 9 600 шақырым, ол барлығы 14 кезеңге бөлінген. Дүбірлі дода он үш император әулетінің елордасы, Жібек жолының бастау алған жері Сиань қаласында  22 шілдеде аяқталады. 


Back to the list