• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да 500-ге  жуық студент құрылыс жұмыстарына тартылады 12.07.2017

Облыс әкімдігі  хабарлағандай, жазғы демалыста 500 студент өңіріміздегі құрылыс нысандарында еңбек етіп,  мердігер компанияларға қолғабыс ететін болады.  

 «Студенттік жасақтардың негізгі атқаратын жұмыстары жер қазу, бетон құю, кірпіш қалау, үй төбесін жабу, сылақ жұмыстарын жүргізу.  Биыл жасақ сарбаздары облысымыздағы «СитиСтрой», «Ақ ордасы», «Отау-строй» секілді оннан астам құрылыс компанияларында еңбек ететін болады» , - дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев.

Жалпы  бүгінгі таңда облысымызда 12 жоғары оқу орны бар. Онда білім алып жатқан жастардың саны 70 мыңға жуықтайды. Биылғы студенттік жасаққа тартылған жастардың басым бөлігін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің құрылыс мамандығына оқитын студенттері құрап отыр.

 2013 жылы студент жасақтары қатарында 400, 2014 жылы - 458, 2015 жылы -  500 студент еңбекпен қамтылып, жазғы демалыстарын тиімді пайдаланған. Олардың орташа айлық жалақылары 50-70 мың көлемінде төленіп, күніне бір мезгіл ыстық тамақ берілген.


Back to the list