• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО ауруханалары компьютерлік техникамен жарақтандырылады 11.07.2017

Шығыс Қазақстан облысында ауруханаларды компьютерлермен жарақтандыруға 1 млрд теңге бөлінген. Ұйымдық техника мекемелерге қазан айында келіп түседі. Өңірдің медициналық мекемелерінің жартысы интернетке қолжетімділікке ие болады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Халықтың 77 пайызына қызмет көрсететін ауруханалардың 27 пайызы интернетке қосылған. Келесі жылы тағы 140 медициналық ұйымды қосамыз, сонда интернетке қосылған мекемелер халықтың 93,3 пайызына қызмет көрсететін болады. Әзірше 336 медициналық пункт бойынша мәселе пысықталуда. Бұл өңірдің медициналық объектілерінің жартысына жуығын құрайды», - деді өңір басшысы Даниал Ахметов Үкімет отырысында.

Елімізде Міндетті медициналық сақтандыру қоры іске қосылмақ. Оның сәтті жұмыс істеуі үшін денсаулық сақтау объектілерін интернет-байланыспен қамтамасыз ету қажет. Компьютерлер алғаннан кейін ауруханалардың жарақтандырылу деңгейі 27 пайыздан 100 пайызға дейін артса, медициналық мекемелердің жартысына жуығы интернетке қолжетімділікке ие болады. 


Back to the list