• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандықтар Silk Way Rally марафонында топ жаруда 10.07.2017

Silk Way Rally трансконтиненталдық марафонының екінші кезеңінде қазақстандық Astana Motorsports  командасының өкілдері сайыс барысында ондықтың ішінде болса,  жарыстың аяғына қарай 3-ші орынға сытылып шықты. Артур Ардавичустың экипажы бірінші және екінші орынға жайқасқан голландтық Мартин ван ден Бринк пен Жерар де Ройдан жеңіліс тапты. Қорытынды есеп бойынша «Астана» командасы үшінші орынды иеленді. Жарыс жолы  797,33 шақырым қашықтыққа жалғасты, оның 157 шақырымы арнайы учаске болып табылады.  

«Жібек жолының» келесі кезеңі Уфа-Қостанай тас жолы бойынша өтеді. Қазақстанның командасы Башкирияның астанасынан 329 шақырымға созылған арнайы учаскелік жолға шығады.

Жарыс жолының қашықтығы артуда, үшінші кезеңде жарыстың жол қашықтығы 876 шақырымды құрайтын болады. Команда елордаға 11 шілде күні жетеді деп күтілуде. 


Back to the list