• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Уақытша тіркеу құжатынсыз жүру мерзімі бір айға дейін қысқартылды 30.06.2017

14 маусымда қаулы ресми түрде жарияланды және жарияланғаннан кейін он күннің ішінде заңды күшіне енеді.

Қаулыда азаматтарды тіркеу тәртібі нақтыланған. Уақытша тіркеусіз жүру мерзімі үш айдан бір айға дейін қысқартылды.

Сонымен, егер азамат бір айдан артық уақыт тұрғысы келетін болса, онда ол келген жері бойынша алғашқы он күннің ішінде уақытша тіркеуге тұруы тиіс. Алайда тұрақты тіркеуден алынып тасталмайды. Келген жері бойынша уақытша тіркеуге алу бір айдан бір жылға дейінгі уақытқа жасалады.

Ал, қызмет бабымен келгендер тұрақты тіркеуден алынбастан, барлық жұмыс мерзіміне уақытша тіркеуге тұрғызылады.

Қаулыда мына санатқа жататын тұлғалар уақытша тіркеуге тұрғызылмайды: он алты жасқа толмаған балалар, ауруханада емделіп жатқандар, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер. 


Back to the list