22.06.2017
Фин делегациясы ЭКСПО-2017 Фин павильонының маркетинг және коммуникациялар жөніндегі директоры Пиркко Аутио мен Санта Клаустың төрағалығымен Астанадағы балалар үйіне бару ұсынысын бірден қабылдады.
SOS балалар үйі - ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды ерекше тәрбиелейтін мекеме. Бұл жерде балалар отбасы мен жарқын болашаққа деген үмітке ие болады.
Фин делегациясы үшін SOS-ауылы бойынша экскурссия жүргізілді. Танысудан кейін алаңда Санта Клаусқа қызығушылық танытқан ауылдың барлық балалары жиналды. Балалардың қуанышында шек болмады, олар Сантаға жақындап, сақалынан тартып, таңданыстарын жасыра аламады. Йоулоупукки балалардың сұрағына жауап беріп, өзінің оқиғасын айтып берді.
Кейіннен балалар Сантадан сыйлық алды.
Жалпы, Санатаның аптап ыстықта келуі құрметтеуге тұрарлық, балалар да дән риза. Балаларды қуантуға әркез тырысуымыз керек, себебі олар өмірдің гүлі, болашақтың үміті.
Қайрат Жандыбаев