16.06.2017
Журналист материалды жариялау үшін белгілі бір тұлғадан оның жеке мәліметтерін алуға рұқсат сұрауы керек.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы 250 түзетуді қамтиды. Өзгертулер енгізу үш мәселеге қатысты: бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттандыру мен байланыс.
ҮЕҰ мен қоғамдық қайраткерлерден ұсыныстар түсті. Қазіргі таңда заң жобасы Парламент Мәжілісінің талқылауында жатыр.
Ақпарат және коммуникация министрлігі хабарлағандай, заң жобасы өз күшіне енген соң журналистер жеке мәліметтер туралы ақпаратты жариялауға рұқсат алуы керек.
«Рұқсат алу – бұл үйреншікті жағдай. Хаттама түрінде рқсат алу міндетті емес. Диктофонға ақпаратты жазып алуға болады. Жеке мәліметтер әлем бойынша қорғалған. Бұл мәселе көптеген елдердің конституциясында да бекітілген. Бұл үйреншікті тәжірибе», - деді Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, ресми хабарлама, ақпараттың шынайылығын тексеру, меморганның ресми өкілі деген түсініктер енгізіледі. Балалардың зорлық-зомбылыққа қатысты суреттерін жариялауға рұқсат жоқ.
«Ақпаратты тексеру үшін бірқатар қадамды жүзеге асырғанымыз жөн. Мәселен, қазір әлеуметтік желіден көптеген ақпарат рұқсатсыз жариялана береді. Ол ақпаратты алмас бұрын қоңырау шалып, рұқсат сұраған жөн деп ойлаймыз», - деді министр.
Сондай-ақ, министр заң жобасына қатысты өз пікірін білдірді. Ол «бұқраралық ақпарат құралдары туралы» деп те аталмауы мүмкін. Министрдің айтуынша, бұл қоғамның қатысуынсыз біржақты ғана қарастыратын ескірген түсінік. Бұқаралық коммуникациялар туралы заң бойынша ойлану керек.