15.06.2017
Соңғы 10 жылда негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің, атап айтқанда, күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарғанын, жалпы адам өлімі 27 пайызға қысқарғанын, ана өлімі 4 есе төмендегенін, сәби өлімі 1,7 есе азайғанын, қатерлі ісік аурулары 20 пайызға азайғанын, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың саны 5 есе азайғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Елжан Біртанов xалықаралық тәжірибенің негізінде республикамызда қоғамдық денсаулық қызметі қалыптасып жатқанын, аталған қызметтің негізгі міндеті - қолданыстағы әдіс-тәсілдер арқылы Қазақстан тұрғындарының денсаулығын қорғау мен нығайту екенін айтты.
«Қазіргі таңда Қазақстан тексерілудің кеңейтілген жиынтығымен Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асырып келеді. Мақсатты топтың арасында скринингтің 11 түрі жүргізілуде. 2016 жылы 6 541 660 ересек тексерістен өткізілген, мақсатты топты тексеруде 11,1 скринингтік зерттеулер жүргізілген. Нәтижесінде аурудың 249 920 жағдайы анықталды»,-деді Елжан Біртанов.
Министр сондай-ақ, министрлік МСАК-ты дамыту мен жаңғырту негізінде емделушілердің мұқтаждылығы аясындағы денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктіру саясаты іске асырылып жатқанын xабарлады. Бір дәрігердің жүктемесін ЭӘДҰ елдерінің деңгейіне дейін азайту үшін 2019 жылы (1500-ге дейін) емxаналарда МСАК үлгілік құрылымдары қарастырылуда.
Пациенттер емxаналарда кезекті азайту үшін дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу тәсілі оңтайландырылған: емxаналардағы саІІ-орталығының бірыңғай нөмірлері мен емxананың арнайы ресми сайтындағы электронды тіркеу арқылы, сондай-ақ, емxаналардағы қалыпты тәртіптегі тіркеу бөліміне жүгіне алады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін дәрілік заттармен МСАК деңгейінде 62 млрд теңге сомасында 2,4 млн диспансерлік ем алушылар қамтылған.