• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Медициналық пойыздарда  100 мыңнан астам  диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетілді 13.06.2017

Медициналық пойыздар екі айда 60 теміржол станциясын қамтыды.

Күні бүгін «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Шығыс-Қазақстан облысының Бұқтырма станциясында, «Денсаулық»  медициналық пойызының дәрігерлері Атырау облысының Сағыз станциясында  тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Осы екі айда 100 мыңнан астам жергілікті тұрғындар пойыздағы дәрігерлердің қызметіне жүгінген. 100 мыңның үстінде диагностикалық дәрігерлік қабылдау жүргізілсе, 400 амбулаториялық ота жасалды. 800 ден астам әйел маммологқа қаралды. Өңірлердің 5 мыңнан астам тұрғындары тіс дәрігерлерінің қабылдауында болды.

Атап өтерлігі, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 11 сәуірде Қарағанды станциясынан сапарға шықты.  Жылжымалы құрам Қазақстанның орталық, солтүстік, шығыс өңірін биылғы қарашаның 6-на дейін қамтитын болады.

Сәуірдің 18-інде Алматы-1 станциясынан «Денсаулық» медициналық  пойызы Қазақстанның оңтүстік, батыс өңірлеріне аттанып кетті. Медициналық пойыз бұл өңірлерді  желтоқсанның 20-сына дейін араламақ.

Медициналық пойыздарды жасақтау жобасын «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық министрлігі, ҚР ІІМ жергілікті басқарамалардың қолдауымен жүзеге асырып отыр.

 


Back to the list