• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
МӘМС аясында аударымдар мен жарналарды қабылдайтын ағымдағы шот ашылды 07.06.2017

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны сілтеме арқылы өтіп, тегін орнатуға болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы. ;

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды  Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді. 


Back to the list